42 жастағы келіншек Шымкент тұрғыны. Қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, әйел 1500 доллар бермекші болған.
«Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара бермекші болған 42 жастағы әйел ұсталды. Әйел қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазасын өтеу кезінде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 645 045 теңге көлемінде заңсыз сыйақы бермек болған», - делінген хабарламада.