Қызметкерлері парамен ұсталған 6 әкім жұмысынан кетті
Қызметкерлері парамен ұсталған 6 әкім жұмысынан кетті
98
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров бағынышты қызметкердің жемқорлығы үшін басшыларын оставкаға жіберу институты қалай жұмыс істеп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тікелей бағыныштылардың жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі институты нормативтік тұрғыда реттелді. Ол биылғы жылдың 9 айында өзінде тиімді құрал екенін дәлелдеді. Саяси басшылардың отставкаға кетуіне қатысты қарастырылып отырған кезеңде аудандық және облыстық деңгейдегі 9 әкім отставкаға кету туралы өтініш берді, 6 әкім жұмыстан шығарылды», - деді ол онлайн брифинг барысында.
Мәселен Сәтбаев қаласының әкімі Ыдырысовтың және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімі Өмірәлиевтің отставкалары қабылданбаған. Облыс әкімдері оларға «сөгіс» жариялапты. Қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық қылмысты өзгерісті енгізуге дейін (2019 жылғы 10 желтоқсан) жасағандықтан, Сәтбаев қаласының әкімі отставкаға өтініш бермеуіне де болар еді.
«28 қыркүйекте Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін хабарланғандай (13 қыркүйек) оған тікелей бағынышты Рудный қаласы Қашар кентінің әкімі Алдонғаровқа қатысты үкім заңды күшіне енген болатын. Сол секілді Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаевтың отставкаға кету туралы өтініші қаралуда. Оның орынбасары Тәжібаев сотталды. 8 қыркүйекте оның орынбасары Тәжібаевқа қатысты үкім заңды күшіне енді. 5 іс әлі мониторингте», - деді Данияр Бекайдаров.