Жексенбі күні, 4 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады қалалық әкімдік. ⠀ Сенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты болады. ⠀ Дүйсенбі күні, 5 қазанда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан қатынайды. ⠀ Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.