"Тақтар таласына" өзек болған автор туындысы Нобельге ұсынылды
"Тақтар таласына" өзек болған автор туындысы Нобельге ұсынылды

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына «Мұз бен оттың әні» эпопеясының авторы Джордж Мартин ұсынылды. Туынды «Тақтар таласы» сериалының негізіне айналған еді.

Нобель сыйлығының жеңімпаздары 10 қазанда анықталады. Швед академиясы қарайтын жеңімпаздардың тізімі құпия сақталады.

Nicer Odds атты танымал букмекерлік сайт әдебиет бойынша аталымда сыйлыққа үміткерлер тізімін жариялады. Аталған тізімде канадалық ақын Анн Карсон, гваделупалық жазушы Мариз Конде және канадалық жазушы Маргарет Этвуд көш бастап тұр. Ықтимал үміткерлер арасында Людмила Улицкая, Милан Кундера және Харуки Мураками бар, Джордж Мартин де ұсынылыпты.