Мексикадағы Лас-Маргаритас муниципалитетінің басшысы Хорхе Эскандонды пикап машинасына байлап, бірнеше көшеде сүйреткен. Бұл туралы Heraldodemexico жергілікті басылымы хабарлайды.
БАҚ ақпарына сәйкес әкім тұрғындарға жол салып, аймақта бірнеше жобаны жүзеге асырамыз деп уәде берген, шамасы сөзінде тұрмаған сыңайлы. Эскандонды көше бойы сүйреткен. Кейіннен полиция көлікті тоқтатып, шенеунікті құтқарып қалды.
Twitter-де болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрда көліктің соңынан бір топ адамның жүгіріп жүргені байқалады.
Мэрдің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарланады. Билік саясаткерді ұрламақ болды деп жергілікті тұрғындарды айыптады. 30 адам ұсталыпты. Жаралылар бар.