Партия ардагері мобильді қосымшаның көмегімен таңдауын жасады
Партия ардагері мобильді қосымшаның көмегімен таңдауын жасады
Белгілі журналист, дипломат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уайс  жетекші  партияның еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық деңгейде партия мүшелері арасында праймериз өткізуі дұрыс шешім екенін айтып, өзі сенім білдірген азаматтарға дауыс берді.

Партия ардагерінің айтуынша, праймериз біріншіден, партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге, екіншіден, партиямен ниеттес, өзекті мәселелердің өзегін анықтап, оны өңдей алатын үзеңгілес азаматтарды партия қатарына тартудың бірден-бір құралы.

– Қазіргі кезде өздеріңіз білесіздер, партия тарапынан халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударылуда. Праймериздің ашық өтуі осының бірден-бір көрінісі. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді. Бүгін партия мүшесі, ардагері ретінде мен өз таңдауымды жасадым. Бұл азаматтар елдің дамуына үлесін қосып, өңірмізді өркендетуге белсенді қызмет атқаратынына кәміл сенемін, – дейді ол. Саяси технологиялық тәсілдің негізгі ерекшеліктерінің бірі партия мүшелерінің ашық әрі жариялы түрде ынтымақты дауыс берулеріне қол жеткізу. Осы орайда дауыс берудің бірнеше жолдары ұсынылған. Партия ардегері үйде отырып, мобильді қосымшаның көмегімен дауыс беру жолын таңдапты.