Жамбыл облысында Шымкент қаласының тұрғынының көлігінен есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Алматы-Ташкент« тас жолында «Лада-21713«жүргізушісі тоқтатып, тексерген. Тексеру барысында Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 23 келіден астам «кептірілген марихуана« есірткі заты тәркіленді»,-дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, тергеу изоляторына қамалды. Оған ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.