Принстон, Джон Хопкинс, Калифорния университетінің ғалымдары әлемде коронавирустың көп таралуында көбінесе балалар мен жастар себеп болғанын анықтады. Алайда олар өздері көп ауырмаған, - делінген Science журналында жарияланған мақалада. Ғалымдар Үндістанның оңтүстік-шығысындағы 575 мың тұрғын арасында 85 мың адамның SARS-CoV-2 инфекциясын жұқтырғанын анықтады. Коронавирус жұқтырған адамдардың 71 пайызы вирусты басқа адамдарға жүқтырмағаны, індетке шалдыққандардың 8 пайызы 60 пайыз адамға жұқтырғаны белгілі болды. Үндістанда коронавирустан жүз мыңға жуық адам көз жұмған. Зерттеушілер науқастар ауруханаға түскен соң 6 күннен кейін қайтыс болғанын анықтады. Ал АҚШ-та орта көрсеткіш бойынша адамдар 13 күннен кейін қайтыс болған. 50-64 жастағы адамдар қауіпті топқа кірген. Алайда коронавирус жұқтыру жағдайының үштен бірі тиесілі балалар мен жастар халық арасында індетті басты жұқтырушы екені анықталды.