Жиынға мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар коронавирус індетіне шалдыққан медицина қызметкерлері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылды. Жиында аталған мәселенің маңыздылығын атап өткен Мәжіліс Спикері, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин биыл 22 қыркүйектегі жағдай бойынша аталған індетке шалдыққан дәрігерлердің жалпы санының 14%-дан астамына ғана, сонымен бірге қайтыс болған медицина қызметкерлері отбасыларының 13%-ға жетер-жетпесіне ғана төлем жүргізілгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Нұрлан Нығматулиннің індетке шалдыққан медицина қызметкерлері мен қайтыс болғандардың отбасыларының төлемақысының төленбеу жағдайы құзырлы министрліктің әлеуметтік бөлімдері арасында өзара іс-қимылдың жоқтығы мен ойластырылмаған қадамдарының нәтижесі екенін жеткізді. Сондай-ақ қазіргі кезде медицина қызметкерлерін қолдау туралы Президенттің тапсырмаларын орындау үшін барлық жіберілген олқылықтардың орнын толтыру маңызды екені айтылды. Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға жоғарыда аталған 4 064 өтініштің өзі фракция отырысы болатыны белгілі болғаннан кейін ғана жасалғанын айтты.
– Егер өткен 6 ай ішінде 2 475 өтінім берілсе, соңғы санаулы күндер ішінде 1 589 өтінім берілген. Яғни, берілген өтінімдер саны 1,6 есе артып, ал өтемақы төленген адамдар саны 2 есеге дейін өскен. 6 ай ішінде барлығы 1 830 дертке шалдыққан дәрігер өтемақыға ие болса, соңғы біраз күнде 1 665 дәрігерге төлемақы беріліп үлгерген. Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеу бойынша да жағдай осындай, – деді Нұрлан Нығматулин.Жағдайдың себебіне тағы бір себеп, коронавирус инфекциясынан зардап шеккен және қайтыс болған медицина қызметкерлерінің көпшілігі аймақтық комиссиялардан растау ала алмаған. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, жәрдемақылар мен өтемақыларды беру рәсімінің шамадан тыс бюрократтандырылуы да мәселенің оң шешімін табуына кедергі келтіріп отырған көрінеді. Атап айтсақ, оны алу үшін ауырғандар мен қайтыс болғандардың жақындарының өтініміне 5 жыл бұрын бекітілген инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу картасы қоса берілуі тиіс. Ондағы талаптар коронавирус инфекциясының нақты белгілерін көрсетпейді, ал оны егжей-тегжейлі анықтау және сипаттау төлем мерзімдерін одан әрі кешіктіреді. Бұл Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің біржолғы төлем тәртібін анықтау бойынша 9 сәуірдегі бірлескен бұйрығына негіз болып отыр. Төлем жағдайына қатысты жіберілген қателіктердің тағы бір себебі, төтенше жағдай кезеңі аяқталғаннан кейін қажетті бұйрықтың болмауы. Бұйрықтың тиісті жаңартылуы тек 22 шілдеде болған.
– Тек осы жерде, Мәжіліс қабырғасында, соңғы 2 күнде тынымсыз жұмыстың нәтижесінде ғана сіздер дұрыс тетіктерді ойластыра бастадыңыздар, – деді палата Спикері.Талқылау барысында, Нұрлан Нығматулин аймақтық комиссия жұмысын ұйымдастыруға назар аудара келіп, оған Ведомствоаралық комиссия тарапынан қажетті бақылаудың болмағанын баса айтты. Сондай-ақ комиссияларды құру кезінде де немқұрайдылық байқалғаны айтылды. Мысалы, еліміздің 17 аймағы бойынша барлығы 5 тиісті комиссиялар құрылған. Ал талап бойынша, негізі сәуір, мамыр айларында тағы – 4, маусым айында 5 комиссия құрылу керек болатын. Бұл тек коронавирус инфекциясы мен вирустық пневмония өршіп тұрған Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тамыз айында ғана қолға алынғаны белгілі болды. Аталған кемшіліктерді түзету үшін Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелеріне 30 күн уақыт берді. Талқылауды қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин депутаттық корпус әрдайым бірлескен жұмысқа дайын екенін жеткізді.