Бұл іске қатысты тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бастаған.
«Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманы «Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» басшысынан тексерілетін «Жамбыл ауданының Самсы ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу және салу» нысаны бойынша аудиторлық тексерудің оң нәтижесі үшін 1 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.Ал Батыс Қазақстан облысында қылмыстық істі жауып беруге уәде берген тергеушілер ұсталған. Облыстық экономикалық тергеу департаменті тергеу басқармасының аға тергеушісі мен жедел уәкілі 2020 жылы 1 қазанда азамат Т-ны алдау және сенімін пайдалану арқылы басқа органның өндірісіндегі қылмыстық істі тоқтатуға ықпал ету сылтауымен 5 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген. Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталған олар Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл іске қатысты шешімді сот шығарады.
Тұмар МЫРЗА