Алматыда 180 үйде жылу мен ыстық су жоқ
Алматыда 180 үйде жылу мен ыстық су жоқ
153
оқылды
«Жылу желісіндегі апатқа байланысты Мен­деқұлов көшесі бойындағы диаметрі 800 мм болатын су құбыры және Снегина көшесінің бойындағы диаметрі 300 мм су құбыры істен шықты. «Самал-1», «Са­мал-2» және «Самал–3» шағынау­дандары мен Қажымұқан – Достық – Чайкин – Омаров – Байжанов көшелерінің бойын­дағы үйлер ыстық су мен жылудан ажыра­тылды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Олардың айтуынша, барлығы 180 үйде жылу мен ыстық су жоқ. Апат салдарын жою жұмыстарын «АлТС» ЖШС жүргізіп жатыр. Ыстық су және жылу беру жақын уақытта қалпына келтірілмек.  

Айбике ЖАНАСЫЛ