«Жылу желісіндегі апатқа байланысты Мендеқұлов көшесі бойындағы диаметрі 800 мм болатын су құбыры және Снегина көшесінің бойындағы диаметрі 300 мм су құбыры істен шықты. «Самал-1», «Самал-2» және «Самал–3» шағынаудандары мен Қажымұқан – Достық – Чайкин – Омаров – Байжанов көшелерінің бойындағы үйлер ыстық су мен жылудан ажыратылды», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.Олардың айтуынша, барлығы 180 үйде жылу мен ыстық су жоқ. Апат салдарын жою жұмыстарын «АлТС» ЖШС жүргізіп жатыр. Ыстық су және жылу беру жақын уақытта қалпына келтірілмек.
Айбике ЖАНАСЫЛ