Бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті
Бас санитарлық дәрігер қызметінен кетті
Қанат Асқаров Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жұмыстан өз еркімен кеткен. «Қанат Қырғызбайұлы Асқаров денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылды» деді ведомстводан. Естеріңізге сала кетейік, Қ.Асқаров бұл қызметке 2019 жылдың қараша айында тағайындалған еді. Сол кезге дейін Саран қаласының орталық ауруханасының директоры болған.