Қ.Тоқаев Жандосов пен Мусинді және Тамараны қабылдады
Қ.Тоқаев Жандосов пен Мусинді және Тамараны қабылдады
131
оқылды

Мемлекет басшысы бірқатар қабылдаулар өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады. 

Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады. Президент Тамара Асарға шығармашылық табыстар тіледі.