Азамат үйіне түскен ұрлықшыны ұстап алған
Азамат үйіне түскен ұрлықшыны ұстап алған
120
оқылды

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасамақ болған күдікті анықтады, – деп хабарлайды

Polisia.kz. мәлімдеуінше, Түркістан қалалық ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған екен. Ол өзінің тұрғылықты үйінен танысы үш дана пойыз тежегішінің құрылғысын ұрлап әкетіп бара жатқан кезде ұстап алғанын көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары аталған мекенжайға жедел жетіп, күдіктіні полицейлер полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында құқық бұзушы арыз білдіруші азаматпен бірге спирттік ішімдік ішіп, мас халде темір ұрламақ болғанын мойындап, өкінішін жеткізді. Бас шарасы келу туралы міндеттемемен босатылды.