27 жастағы жігіт дәмхананы тонап, кассадан ақша ұрлаған
27 жастағы жігіт дәмхананы тонап, кассадан ақша ұрлаған
114
оқылды
Петропавлдық жігіт әкімшінің жоқтығын пайдаланып, дәмхана тонап кетті. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Интернационал көшесіндегі дәмханалардың бірінде болған. Кешкі сағат 18.25 шамасында белгісіз біреу кассадан 126 мың теңгені алып, тайып тұрған.
Әкімшінің шақыруымен жеткен полицейлер жедел тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұрлық жасауы мүмкін деген күдікпен Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұған дейін сотталған екен. Тергеу барысында ер адам кассадан ақша ұрлағанын мойындады. Айтуынша, сол күні дәмханаға екі танысымен кірген. Бар жанында ешкімнің жоқтығын көріп, кассадан ақшаны алып кеткен. Дәмханадан шығысымен олжа ақшаны қажетіне жұмсаған, алайда, көп ұзамай полицейлер оны қолға түсірді.
Петропавл қалалық полиция басқармасы екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықовтың айтуынша, қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.