Трамп қызметін жалғастыра береді
Трамп қызметін жалғастыра береді
110
оқылды
АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелінің денсаулығына алаңдауға негіз жоқ екен. Сондықтан ол мемлекет басшысы қызметін әрі қарай жалғастыра береді. Бұл туралы Ақ үй әкімшілігінің басшысы Марк Медоуз хабарлады.

Оның айтуынша, Дональд Трамп мен бірінші ханым өздерін жақсы сезінеді. «Ауру жеңіл өтіп жатыр. Соған қарамастан Дональд Трампты тікұшақпен әскери госпитальға жеткізді деген ақпарат шықты. Бірақ ол қауіпсіздік шарасы. Және перзидент үнемі дәрігерлер бақылауында болады» дейді Марк Медоу.

Сонымен қатар сақтық мақсатында Ақ үй қызметкерлерінің бәрі тексеруден өткен. Тіпті олардың арасында да қауіпті вирус жұқтырғандардың болуы мүмкін екенін жеткізді.