Желі қолданушысы неліктен Головкиннің жеңгенін түсіндіріп берді (видео)
Желі қолданушысы неліктен Головкиннің жеңгенін түсіндіріп берді (видео)
153
оқылды

"3 жеңіл соққы 1 ауыр соққыға теңеседі"

Головкин - Деревянченко жекпе-жегінен кейін мамандар мен жанкүйерлер бұл кездесуге қатысты әртүрлі ойларын білдіре бастады. Осыған орай желі қолданушысы Әмір Бегдесенов өз пікірін жазған. Оның айтуынша, бұл жекпе-жекте сөзсіз GGG жеңіске жеткен.

«Головкиннің хейтерлеріне қарағанда өзім бокспен айналысамын, сондықтан ұпай санау жүйесі бойынша аздап білімім бар.

Ұпайларды есепке алу кезінде соққының күштілігі де есептеледі. 3 жеңіл соққы 1 ауыр соққыға теңеседі.

Жәй қарқындағы видеоға мән берер болсаңыз, біздің чемпионның әлдеқайда көп ауыр соққы бағыттағанын көрер едіңіз. Оның бір джебінің өзі неге тұрады! Кездесуден кейінгі боксшылардың бет-әлпеті де көп нәрсені айқындайды.

Сонымен қатар реферидің қызметіне қатысты да сұрақ туындайды. Шамамен 10 минут 20 секунд кезінде Гена қарсыласын сериялы соққылармен аямай ұрады, осы кезде төреші Головкин мен Сергейдің ортасына араша түскендей болады. Мүмкін төреші нокаут ашқысы келген болар? Сосын қайта ойланды ма? Әлде жекпе-жекке дейін Головкиннің ұпай санымен жеңетіні шешіліп қойды ма? Жалпы, ұйымдастырушылардың дәл осы жекпе-жектен тағы да ақша тапқысы келетіні аңғарылатын секілді.

Сондықтан біздің чемпионды жеңісімен құттықтаймыз және одан жаңа жекпе-жектер күтеміз. Біздің қазіргі қолдауымыз ол үшін маңызды деп ойлаймын!" деп жазады ол. 

Еске салсақ, 6 қазан күні қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко кездесіп, қазақстандық кәсіпқой боксшы ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп, орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын иеленді.

https://youtu.be/GYAXlboK27w