Әдебиет мұғалімі 2 сынып оқушыларының сабағына балта алып кірген
Әдебиет мұғалімі 2 сынып оқушыларының сабағына балта алып кірген

Бұл оқиғаны 2 сынып оқушысының анасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдардың бірінде жариялап, істің мән-жайын анықтауға үндеу жасаған.

«Балам мәнерлеп оқудан мүдіріп, қателесіп қалыпты. Сол кезде мұғалімі үстел үстінде тұрған пакеттен балтаны  алып шығарған. Міне, содан бері балам сабаққа қатыспақ түгілі, мектепке баруға қорқады» дейді ол.
«Сабақ үстінде мұндай көрнекі құралдарды пайдалануға болмайды» деген Оңтүстік-Сахалының Білім басқармасы мәселенің мән-жайын анықтайтынын жеткізді. РИАНовости хабарлағандай, осы үндеуден кейін жергілікті прокуратура да тексерісін бастап кетті.