Жылқылар неден қырылды?
Жылқылар неден қырылды?
231
оқылды
Осыған байланысты жер­гілікті ве­теринарлар ауру ошағында болып, ауы­рып тұрған жылқылардың кли­ника­лық белгілері бойынша (өл­ген жылқылардың басын тексергенде ере­сек гастрофилез құрттары анықталған) «жылқы гастрофилезі» деген бол­жамды диа­гноз қойды. Сонымен қатар  аудандық вете­ринарлық зертханаға ауы­рып тұрған жылқы малдарының тезегі,  ішкі органдары тексеруге жіберіліп, зерттеу қо­рытындысы бойынша «жылқы гастрофилезі» ауруына оң нә­тиже берген. Осыған дейін бірнеше БАҚ-та мә­лімделгендей, 200 бас жылқының өлгені өтірік болып шықты. Қазіргі кезде ве­те­ринарлардың анықт­ауы бойынша нақты өлген жылқылар саны – 29 бас. Бұл ауру паразитарлық ауру­ларға жататындықтан, ауруға қарсы ветеринарлық іс-шаралар мал иесінің өз қаражаты есе­бінен жүргізіледі. Сондай-ақ  жылқы гас­трофилезі ау­руы Ауыл шар­уа­шылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен бекітілген «Жануарлардың және адам­ның денсаулығына қауіп төндіретін жа­н­уар­ларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикі­затты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кез­дегі жануар­лардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне» енгізіл­мегендіктен, мал иелеріне өтем­ақы қарастырылмаған. Мал иелері тарапынан жыл­қылары ауырып тұрғаны туралы уақытылы вете­ринарларға  хабарланбаған. Жылқы гас­трофилезі ау­руы бөгелек дернәсілдерінен пайда болатын ауру болғандықтан, аурудың алдын алу шараларын жүргізбесе, бөгелек дернәсілдері жылқы ағза­ларында ересек құрттарға айна­лып, емдік шаралар жүргізу тиім­сіз болып есептеледі. Қазір өңірде эпизо­отиялық ахуал тұрақ­ты. Бұл жұ­мыстар облыстық ветеринария басқармаcының бақы­лауына алынған.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы