2,5 млн теңгені жымқырғандар айыпталды
2,5 млн теңгені жымқырғандар айыпталды
«2020 жылдың 28 қыркүйегінде Алматы облысы Іле аудандық сотының үкімі шықты. Ол бойынша Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының директоры К.Қалдыбаевқа 30 240 930 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал сол мекеменің бас инженері Д.Туғамбаевтың 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.
Агенттік өкілінің хабарлауынша, бұған дейін олар «Денсаулық» бағ­дарламасы бойынша бөлінген 2,5 млн теңге сомасындағы бюджет қара­жатын алдын ала сөз байласу бойынша ұрлады деп күдікке ілінген. Қаражат коронавирус (COVID-19) пандемиясымен күрес үшін дағдарысқа қарсы шаралар аясында аударылған болатын.  

А.БЕКТҰР