Қайрат Боранбаев Аршавинмен неліктен келісімшартты созбай қойғанын айтты
Қайрат Боранбаев Аршавинмен неліктен келісімшартты созбай қойғанын айтты
5,140
оқылды

Ол Қазақстан чемпионатындағы лимит туралы да айтады

«Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев клубтағы жағдай, клуб басшылығының академия түлектерін бас командаға тарту туралы ойымен бөлісті.

«Спорт-Экспресске» берген сұхбатында Қайрат Боранбаев Қазақстан чемпионатындағы лимит туралы айтады.

«Матчқа берілетін өтінімде бес легионер болуы керек. Ал біздің кейбір клубтар бір сәтте сегіз легионерді шығарғысы келеді. Бізде бірқатар клуб басшылары футболдан алыс. Олар тек бір маусымды ғана ойлайды. Ал біз ұлттық құраманы ойлауымыз керек қой» дейді ол.

Төраға сондай-ақ Аршавин туралы да ойын білдірді.

«Андрейдің «Қайраттағы» ойынына ризамыз. Аршавин бізде ойнаған кезде матч көруге келетін жанкүйерлердің саны әлдеқайда артқан. Тіпті басқа қаладағы ойындарға да Андрейді көру үшін келетіндей көбейді» дейді.

Ол клубтың ойын философиясының өзгеруіне қатысты да пікір білдіреді.

«Үш жыл бұрын сұрақ туындады: Тимощук, Аршавин, басқа да мықты ойыншылар бола тұра неліктен Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыға алмаймыз? Сондықтан философияны өзгертуге тура келді. Біздің чемпионаттың жылдамдығы Еуропамен салыстырғанда біршама төмен. Сөз жоқ, Аршавин біздің чемпионаттағы соңғы жылдардағы ең үздік футболшы. Бірақ мүмкіндік бола тұра біз онымен келісімшартты әрі қарай созған жоқпыз. Біз мейлінше өз жастарымызға бас командадан орын бере бастадық. Негізгі саясатымыз да сол. Біз жылдамдық пен энергетиканы көбейтуді қалаймыз» деді Қайрат Боранбаев.