Түркия Сирияда күрд жасақтарына қарсы әскери операцияны бастады
Түркия Сирияда күрд жасақтарына қарсы әскери операцияны бастады

Түркияның қарулы күштері Сирияда әскери операцияны бастады.

Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада бекінуіне жол бермеу. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, әскери операция нәтижесінде, екі ел шекарасында қауіпсіз аймақ құрылмақ. Нәтижесінде, Түркияны паналаған сириялық босқындар өз үйіне оралады.