Түркияның қарулы күштері Сирияда әскери операцияны бастады.
Түрік авиациясы мен артиллериясы көрші ел аумағындағы күрд жасақтарын соққыға алды. Әскери операцияның мақсаты – лаңкестерге оңтүстік шекарада бекінуіне жол бермеу. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, әскери операция нәтижесінде, екі ел шекарасында қауіпсіз аймақ құрылмақ. Нәтижесінде, Түркияны паналаған сириялық босқындар өз үйіне оралады.