Елордада үміткерлерге дауыс беру қарқынды жүруде – Фоторепортаж
Елордада үміткерлерге дауыс беру қарқынды жүруде – Фоторепортаж
316
оқылды
Бүгін елімізде Nur Otan партиясының ішкі іріктеу – праймериз сайлауы басталды. Індет жағдайына қарамастан қауіпсіздік шараларын ескере отырып, өңірлерде сайлау учаскелері ашылды. Белгіленген учаскерлерде партия мүшелері қалаған кандидатына таңғы 8:00 мен түскі 14:00 аралығында дауыс бере алады. үміткер үміткер Сайлау процесі Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды жүруде. Ұлттық кітапхана ғимаратындағы Nur Otan партиясының Есіл аудандық филиалы учаскесіне үміткерлерге дауыс беру үшін келген азаматтардың қарасы көп. Учаскедегі есеп комиссиясы мүшелерінің айтуынша, түске қарай адам көбеймек. үміткер үміткер

Сайлау кезінде дауыс беруге келген партия мүшелерін сөзге тартқан едік.

– Өзім білім саласында талай жылдан бері қызмет етемін. Дауыс беруге келгендегі мақсатым - білім саласын, оның ішінде инклюзивті білім беруді дамытам деген кандидаттарды таңдау. Әр кандидаттың жеке бағдарламасымен таныстым. Бұл мәселені қозғаған 1-2 үміткер ғана бар екен. Соның ішінен өз таңдауымды жасадым, – дейді Елорда тұрғыны Бақыт Түсіпбекова.

үміткер үміткер Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласының басқа аудандарында да сайлау өтіп жатыр. Ол жайлы алдағы сағаттарда хабардар етіп отырамыз. үміткер үміткер үміткер үміткер үміткер

Мадияр Төлеу, Аружан Айтжанқызы Фото: А. Мұрзанов