Бүгін елімізде Nur Otan партиясының ішкі іріктеу – праймериз сайлауы басталды. Індет жағдайына қарамастан қауіпсіздік шараларын ескере отырып, өңірлерде сайлау учаскелері ашылды. Белгіленген учаскерлерде партия мүшелері қалаған кандидатына таңғы 8:00 мен түскі 14:00 аралығында дауыс бере алады.
Сайлау кезінде дауыс беруге келген партия мүшелерін сөзге тартқан едік.
– Өзім білім саласында талай жылдан бері қызмет етемін. Дауыс беруге келгендегі мақсатым - білім саласын, оның ішінде инклюзивті білім беруді дамытам деген кандидаттарды таңдау. Әр кандидаттың жеке бағдарламасымен таныстым. Бұл мәселені қозғаған 1-2 үміткер ғана бар екен. Соның ішінен өз таңдауымды жасадым, – дейді Елорда тұрғыны Бақыт Түсіпбекова.
Мадияр Төлеу, Аружан Айтжанқызы Фото: А. Мұрзанов