Үшінші мегаполисте 185 үміткер праймеризге қатысушы болып тіркелген болса, соның 151-і додаға түсіп жатыр. Қалған 22 үміткер түрлі жағдайларға байланысты сайыстан босатылған болатын.
Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризі бойынша дауыс берудің үшінші күні. Қаламыздағы бастауыш партия ұйымдарының базасында осыған орай 33 сайлау учаскесі ашылған.Бүгінде олардың барлығында санитарлық нормалар сақталып, дауыс берушілерге қолайлы жағдай қарастырылған.
Ресми деректерге сүйенсек, 3 қазан сағат 10-00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласының 23541 адамы партиялық кадрлық резервіндегі кандидаттарға дауыс беріп үлгерген.Қаламыздың аудан ішіндегі дауыс беру жағдайы бойынша Абай ауданы көш бастап келеді. Абай ауданындағы 7573 партия мүшесінің 5877-і, яғни 77 пайызы дауыс берген.
Ал, Әл-Фараби ауданында 65, Еңбекші ауданында 64 және Қаратау ауданы бойынша – 65 пайыз партия мүшесі саяси додаға өз үлестерін қосқан.
Назгүл Назарбек