АҚШ-та 9 жасар бала бес адамды өлтірді деп айыпталды
АҚШ-та 9 жасар бала бес адамды өлтірді деп айыпталды

АҚШ-та тоғыз жастағы бала бес адамды өлтіріп, үш рет өрт қойған. Бұл туралы Peoria Journal Star хабарлайды.

Иллинойс штатының прокуроры Грег Мингер айтқандай 6 сәуірде бала жылжымалы тұрғын үйге өрт қойған. Салдарынан бес адам соның ішінде екі бала қаза тапты. Екі адамға құтылып шығу мүмкін болды.

Прокурор баланы айыптау өзіне қиын тигенін айтады. «Бұл қайғылы оқиға, бірақ жас бала аса ауыр қылмыста айыпталды», - деді ол. Егер баланың кінәсі дәлелденсе, бес жыл сынақ уақыты кесіледі.