АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы 1-2 ақпанда Қазақстанға ресми сапармен келеді
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы 1-2 ақпанда Қазақстанға ресми сапармен келеді
© Сурет ғаламтордан
5,176
оқылды
«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға 1-2 ақпанда ресми сапармен келеді», - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. "2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ - тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Нұр-Сұлтанға сапары жоспарлануда", - деп хабарлады сенбі күні Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Ведомствоның ақпараты бойынша, сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. "Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай - ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады", - делінген хабарламада.