Украина Ресеймен газға қатысты келісімшартқа қол қоймады
Украина Ресеймен газға қатысты келісімшартқа қол қоймады
92
оқылды

Украина Ресеймен газ транзиті туралы келісімшартты бір жылға ұзартуға ниет білдірмейді, өйткені Киев «еуропалық ережелерге сәйкес» ұзақ мерзімді келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарук мәлімдеді деп жазады ТАСС.

Премьер-министр Ресеймен газ бойынша келіссөздер «кем дегенде бірнеше айға» созылатынын атап өтті. Осы уақытта Киев еуропалық энергетикалық заңнаманы сәтті жүзеге асырғысы келеді.

«Бірақ қалай болатынын көреміз» деді Гончарук.

Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак бұған дейін егер келісім бір жылға ұзартылса Украинамен газ транзиті туралы келісімшарттың техникалық параметрлерін қарау мүмкін болатынын айтқан еді.

Новактың айтуынша, Ресей қолданыстағы құқықтық шарттар бойынша келісімшартты ұзартуды ұсынуға дайын, ал кейбір техникалық параметрлер осыдан он жыл бұрынғы жағдайдағы өзгерістерге байланысты тың бағыт алуы мүмкін екенін алға тартты. Бұл Украинаның газды тұтынуы және транзиттің көлеміне байланысты.