Кірпік жасатамын деп көзінен айырылды
Кірпік жасатамын деп көзінен айырылды
153
оқылды
41 жастағы келіншек, атын жариялағысы келмеді. Бірақ оның айтуынша, сұлулық салонына кірпік жасатуға барып, көзінен айырылған. Оның бір көзі көрмей қалған екен.
Оқиға Бразилияның Рондония штатында орын алған. Бразилиялық G1 газетінің мәлімдеуінше, әйел өзінің сұлулық салонында жасалған сәтсіз процедура туралы полиция мен денсаулық сақтау органдарына да шағымданған. Әйелдің айтуынша, кірпікті жабыстырып болған соң көзі ауырып, оң көзі көрмей қалған.
Тіпті, соны сұлулық салонның қызметкерлеріне де айтқан. Сөйтіп үйіне келген соң көзінің ауырғаны басалмаған. Содан әйел дәрігерге хабарласып, емхананың көмегіне жүгінген. Барлық анализін тапсырған ол енді оның нәтижесін күтіп отыр. 15 күннен кейін толық медициналық қорытынды шығады. Сол кезде бәрі анықталады. Алайда келіншек бұл жағдайға сұлулық салонның қызметкерлерін кінәлап отыр. Журналистер салонмен байланыспақшы болып еді, бірақ олардан жауап ала алмады.