Батыс Қазақстан облысының әкімі үміткерлерге дауыс берді – Праймериз-2020
Батыс Қазақстан облысының әкімі үміткерлерге дауыс берді – Праймериз-2020
127
оқылды
 Облыс басшысы Ғали Есқалиев та партияның облыстық филиалының төрағасы ретінде өз таңдауын жасады. үміткер «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, облыста барлығы 140 сайлау учаскесі ашық және жұмыс істеп тұр. Оның 88-сі онлайн режимінде, 52-сі бюллетеньдер арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді.
- Жалпы облыс бойынша 430 үміткеріміз бар. Жалпы, аймақтағы белсенділік өте жоғары. Партияның 27 мыңға жуық мүшесінің 17 мыңы дауыс берді. Дауыс беру онлайн форматтан бөлек, шалғай аудандарының тұрғындары бюллетень арқылы дауыс береді,-деп атап өтті Мұрат Мұқаев.
үміткерСайлау учаскелері бүгін сағат 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал онлайн дауыс беру режимі 4 қазан сағат 14.00 дейін жалғасады. Дауыс беру нәтижелері 5 қазанда белгілі болады.