Өзі сияқты қарапайым жандардың мәселелерін мінбер арқылы көпшілікке, билік тұтқаларына жеткізуге ұмтылған Жамал Оканова бүгін дауыс беру учаскесіне келіп, дәстүрлі тұрғыда дауыс берді. - Уақыт алға ілгерілеуде. Ол өз ағынынан ешкімді тысқары қалдырмайды. Оның толқынына, екпініне ілесіп отыру үшін жан-жақтылық ен ерік-жігер керек. Кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін. Партия бастамашыл болған праймеризге де қатысып жатырмын. Бүгін дауыс беру учаскесіне келіп, өз құқығымды пайдаланып, алғыр да қарымды үміткерлер деп таныған жандарға дауыс бердім, - дейді ол. Төрт баланың анасы Жамал Оканова Шонжы ауылындағы «Еркетай» балабақшасының директоры әрі Ұйғыр аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы.
Болат Абаған, Алматы облысы