Мұнай бағасы құлдырайды - АҚШ
Мұнай бағасы құлдырайды - АҚШ
5,176
оқылды

АҚШ-тың Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес мұнай бағасы аз уақыт ішінде құлдырайды. Бұл туралы министрліктің сайтында хабарланған.

Жылдың аяғында Brent маркалы мұнайдың баррелі 59 доллардың деңгейінде қалса, келесі жылдың екінші тоқанынан бастап 57 долларға дейін төмендейтіні айтылған. Бұған қара алтынның жаһандық қорының ұлғаюы түрткі болып отыр.

Министрліктің болжамын сәйкес баға құлдырағаннан кейін мұнай бағасы 62 долларға көтеріліп, 2020 жылы болжамды құны шамамен 60 долларды құрамақ.