«Елбасы тапсырмасының орындалуының анық көрінісі» – Мұратхан Шүкеев
«Елбасы тапсырмасының орындалуының анық көрінісі» – Мұратхан Шүкеев
Бүгін праймеризде бақ сынап жатқан кандидаттар да дауыс берді. Соның бірі – Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Мұратхан Шүкеев. Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияны жүйелі жаңғырту мақсатындағы партиялық іріктеу праймеризін өткізу туралы шешімі демократиялық қоғамның дамуына бастайтын батыл қадам болды. Бұл партияішілік іріктеуде әр партия мүшесінің ойы мен пікірі және бастамашыл ұсыныстары еркін және ашық түрде жеткізуге мүмкіндік берілді. Мен өзім кандидат ретінде праймеризге қатысып, идеяларыммен ұсыныстарым және ұстанымдарымды бағдарламамда ашық түрде партия мүшелеріне жеткіздім. Олай дейтінім, кандидаттардың партия мүшелеріне үгіт жүргізуіне және кандидаттарды ашық түрде таңдауға тең құқық берілген. Себебі праймериздің барлық жүйесі яғни кандидаттарды тіркеу, үгіт жүргізу, дауыс беру онлайн және офлайн түрде жүруде. Бұл праймериздің өткізілу барысы «Мықты партия – мықты лидер» және ашықтық пен диалог ішкіпартиялық таңдаудың басты қағидатын орындады. Бұл Елбасының тапсырмасының орындалуының айқын дәлелі деп білемін, – дейді М.Шүкеев.