Алдағы тәуліктерде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт төмендеп, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, -деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 4 қазанда Қостанай, 4-5 қазанда Солтүстік Қазақстан , 5 қазанда Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 4-5 қазанда күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6 қазанда күндізауа температурасы плюс 2-7 градус дейін төмендейді. 5-6 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7 градусқа дейін төмендейді. Нұр-Сұлтан қаласында 5 қазанда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы плюс 2-4 градусқа дейін төмендейді.