Дәрігер шайдың қандай жағдайда қатерлі ісікке шалдықтыратынын айтты
Дәрігер шайдың қандай жағдайда қатерлі ісікке шалдықтыратынын айтты
151
оқылды
Эндокринолог Зухра Павлова өзінің Instagram-дағы парақшасында  шайдың қандай жағдайда онкологиялық ауру тудыратынын айтты , - деп жазады ria.ru.
Ол өңеш қатерлі ісігі ыстық сусынды көп мөлшерде ішетін халықтардың "ұлттық ауруы" деп есептейді.  Өйткені ыстық шай тамақты күйдіріп, шырышты қабаттарды бұзуы мүмкін.
Павлова өз сөзінде ғалымдар Иранның солтүстік-шығысындағы бір топ адамды он жыл бақылауына алып зерттегенін айтты. Осы уақыт ішінде 328 адамнан өңіш қатерлі ісігі анықталған.  90% жағдайда күніне 700 миллилитр ыстық шай ішкен адам ауруға шалдыққан.
Оның айтуынша, шайдың температурасы 60 градустан төмен болуы тиіс.
"Бұл да ыстық, бірақ күйдірмейді. Температура сәйкес келетінін саусақты тығу арқылы тексеруге болады. Егер төзімді болса, ішуге де болады", - деді ол.
Сондай-ақ ол шайдың адам ағзасынан зиянды заттарды шығаратынын, кейбір шай түрлері бүйрекке пайдалы екенін де айтты.  Дәрігердің айтуынша, тамақты шаймен бірге ішуге болмайды, өйткені ол ағзадан пайдалы заттарды шығарып, кальций, A және B тобындағы дәрумендерді азайтады.  Шайды тамақтан соң бір сағаттан кейін ішкен дұрыс.