Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің еліміздің мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустың таралуының алдын алу үшін шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, шетел азаматтары Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуі үшін кем дегенде 72 сағат бұрын коронавирусқа ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы болуы тиіс. Сонымен қатар елімізге шетелден ұшып келген барлық адамдар термометрия мен сауалнамадан өтеді. Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады. Еске сала кетейік, ведомствоаралық комиссия 5 қазаннан бастап басқа елдерге әуе қатынасын жаңартпауға, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдерге рейстер санын арттырмауға, Тұркияға рейстер санын қысқартуға шешім қабылдағанын жазған болатынбыз.