Тағы бір қазақстандық Кореяда жол апатына себеп болды
Тағы бір қазақстандық Кореяда жол апатына себеп болды
101
оқылды

Тағы бір қазақстандық Оңтүстік Кореяда жол апатына себеп болды. Бұл туралы Хабар-24 хабарлайды.

Чхонан қаласында жеңіл автокөлік тізгіндеген қазақстандық жүк көлігіне соқтығысты. Полиция қазақстандықтың жүргізуші куәлігінің болмағанын және елде заңсыз жүргенін анықтады: осыдан бір жыл бұрын турист ретінде келіп, елде қалған.

Зардап шеккен жүк көлігінің жүргізушісі айыптыдан 8300 доллар көлемінде моральдық және материалдық шығын өндіріп алмақ.

Қазір 26 жастағы қазақстандық емханада жатыр. Ер адамның медициналық сақтандыруы болмағандықтан, емнің қаржысы өсіп жатыр. Бірнеше долларды құраған.

Бұл Оңтүстік Кореядағы қазақстандық жасаған екінші жол апаты. Еске салсақ бұған дейін 20 жастағы отандас Чханвон қаласында жеті жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан еді. Ол Павлодардан табылды.

Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан келетін заңсыз мигранттар саны артып келеді. Мәселен Кореяда тамыздан бері 10 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды.