102 пультіне хабар сағат 13:05-те түсті., - деп хабарлады lada.kz. Шақыруға "Сұңқар-8" атты Ақтау полиция басқармасы патрулдік полиция батальонының экипажы келді. Оқиға орнында Audi көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқаны белгілі болды.
Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Екеуі үйлеріне жіберілді, қалған екеуі Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.-Осы дерек бойынша анықтаушылар жұмыс істеп жатыр, - деді өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.