Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. «Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді», - деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter-дегі парақшасында. Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен белгіленген болатын.