Шалғай ауылдағы партия мүшелері дауыс беріп жатыр
Шалғай ауылдағы партия мүшелері дауыс беріп жатыр
151
оқылды
Ол Мәртөк ауданы Достық ауылының мектебінде мұғалім. Қосымша шаруашылықпен айналысып, қоян және қой басын көбейтіп отыр. «Еліміздегі қазіргі жағдайды ескере отырып онлайн дауыс беруді ұйғардым. Бәрі тиімді ұйымдастырылған. Ауылдықтар өте риза. Ешқайда сабылып жүрудің қажеті жоқ. Әркім өз үйінен таңдауын жасай алды. Мысалы, мен аудан экономикасына пайдасын тигізер, саяси-қоғамдық өмірде ойып тұрып орын алар белсенділердің жеңіске жетуін қалап, ел игілігі үшін дауыс бердім», – дейді ол. ⠀ Ал ең шалғай аудандардың бірі – Шалқардан жас маман Алтынай Нұрланова дауыс беріпті. Ол уақытқа, жердің шалғайлығына да қарамастан тиімді жүйемен таңдау жасағанына дән риза. ⠀ «Өзім ағылшын тілінің мұғалімімін. Шетелдің озық тәжірибесінен хабарым бар. Елімізде праймериз өтетінін естігенде елең еттім. Жаңалықтарды әлеуметтік желіден бақыладым. Ұялы телефоныма «Праймериз» қосымшасын жүктеп алып, дауыс беруді асыға күттім. Онлайн дауыс беру қызықты әрі таңдаған кандидатыма тезірек қолдау білдіргім келді», – деді ол.