Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Пандемия кезінде мұғалімнің маңызы қаншалықты зор екеніне баршаның көзі жетті – Бауыржан Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Элмира Жақсыбайқызы
Қазан 4, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Мәдениет
мұғалім
262
қаралым

Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтады

Ақтауда 8 наурызда әйелдер автобуспен тегін жүре алады

Жүз екінші көктем

Бауыржан Байбек ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, бұл күн ұстаз алдын көрген, тәлім-тәрбиесін алған барша азаматтың жүрегіне ерекше ыстық екенін жеткізді.

«Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді «Nur Otan» партиясы және өз атымнан төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн ұстаз алдын көрген, тәлім-тәрбиесін алған барша азаматтың жүрегіне ерекше ыстық.

Адамзат үшін ұстаз – дүниедегі ең аяулы да ардақты есімдердің бірі. Мемлекеттің идеологиясы, қоғам құндылықтары, ғылым мен өнердің асыл мұрасы ұстаздың тәлім-тәрбиесі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартып келеді.

«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» – деп ұлы Абай айтқандай, жас ұрпақты азамат етіп тәрбиелеудегі үлестеріңізді айрықша атап өткім келеді. Ұрпақ болашағы, мемлекетіміздің келешегі – сіздердің қолдарыңызда.

Қазір еліміздегі білім саласында жарты миллионнан астам адам еңбек етуде. Біздің партия мүшелерінің 30%-ы – педагогтар. Партия ұстаздардың мүддесін қорғап, әлеуметтік жағдайын жақсарта түсу бағытында жүйелі жұмыс жасап жатыр. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп, қабылданды. Бұл мұғалім мамандығына деген қызығушылықты арттыруға, әлеуметтік кепілдік жүйесін одан әрі жетілдіруге жағдай туғызды. Тәуелсіздік жылдары Елбасы басшылығымен 2 мыңға жуық жаңа мектеп салынды, соңғы бес жыл ішінде ғана партияның 2016-2020 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 3 мыңнан астам балабақша ашылып, бұл мектеп жасына дейінгі балаларды қамту көлемін 86%-дан 98,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен төрт жыл көлемінде педагогтардың жалақысы 2 есе көбейетін болды. Бұның барлығы – Елбасы мен Президент саясаты сабақтастығының нәтижесі, ұстаз мәртебесін көтеру үшін жасалып жатқан шаралардың нақты көрсеткіші.

Пандемия кезінде мектептердің бәрі қашықтан оқытуға көшкенде баланы тәрбиелеу мен оған білім беруде мұғалімнің маңызы қаншалықты зор екеніне баршаның көзі жетті. Осыған байланысты туындаған кейбір қиындықтарға қарамастан, ұстаздарымыз өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заман талабына сай міндеттерін абыроймен атқаруда. Сондықтан да біз шәкірттерінің санасына білім нәрін құйып жүрген ұстаздарымызды әрдайым мақтан тұтамыз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс тілеймін!», – деп жазды партия Төрағасының Бірінші орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 
Тегтер: Бауыржан БайбекқұттықтаумерекеҰстаздар күні
Алдыңғы жаңалық

Шалғай ауылдағы партия мүшелері дауыс беріп жатыр

Келесі жаңалық

«Ұстазға құрмет көрсету – азаматтық парызымыз!» – Мәулен Әшімбаев

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды
Қазақстан

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021
шектеу
Жаңалықтар

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 2021
Футзал
Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 2021
Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 23:27

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 22:43

Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Наурыз 7, 22:10

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде түлкі видеоға түсіп қалды

Наурыз 7, 21:28

Қазақ қызы Қытайдың үздік студенті атанды

Наурыз 7, 20:40

Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтады

Наурыз 7, 20:10

Еліміздің 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Наурыз 7, 19:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қарағанды

Қарағандыда пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды

Наурыз 7, 2021
шектеу

Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»