Мамандар күзде D дәруменінің  жетіспеуі адамға қалай әсер ететінін айтты
Мамандар күзде D дәруменінің  жетіспеуі адамға қалай әсер ететінін айтты
220
оқылды
Біздің ағзамызда бұл витамин негізінен күн сәулесінің әсерінен беріледі. Қыс және күз айларында күн аз болған кезде D дәрумені тапшылығы жиі кездеседі. Ең алдымен, оның жетіспеушілігі иммундық жүйеге теріс әсер етеді. Суық тию, тұмау, аллергия, астма және экзема. Бұл әлсіз иммунитетке байланысты 80-нен астам аурудың кейбіреулері ғана. D дәрумені энергия деңгейін жоғарылатады, бұл бізге күні бойы белсенді болуға көмектеседі. Сондықтан егер сіз тез шаршасаңыз, дәрумендердің жетіспейтініне күмәндануға негіз бар. Д витаминінің жетіспеушілігі және созылмалы шаршау әсіресе әйелдерде кездесетіні  көптеген ғылыми зерттеулерде дәлелденді. Қандағы D дәрумені деңгейінің төмендігінің тағы бір белгісі – әлсіз сүйектер. Бұл сыну және басқа да жарақат алу қаупін арттырады. Сонымен қатар D витаминінің жетіспеушілігі шаштың түсуіне әкелетіні дәлелденді деп жазады Рrofile.ru. D дәрумені инфекциялармен және қабынумен күресуде маңызды рөл атқарады, жараларды тез емдеуге мүмкіндік береді. Кішкентай жарақаттар өте баяу емделсе де, бұл D дәрумені жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін. Бұл витаминнің жетіспеушілігі балалар мен ересектерде бұлшықет әлсіздігі мен бұлшықет ауырсынуын тудыруы мүмкін. Бұған дейін әлемде бір миллиардқа жуық адамның қандағы D дәрумені төмен екені туралы хабарланған болатын. Әсіресе, оның жетіспеушілігі егде жастағы адамдарда кездеседі. D дәрумені адам ағзасын қартаюмен байланысты бірқатар аурулардан қорғайды.