Суретке түсу үшін көпірдің аркасына шыққан 2 ер адам ұсталды – видео
Суретке түсу үшін көпірдің аркасына шыққан 2 ер адам ұсталды – видео
  Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  бүгін түнде cағат 00:28-де полицияға екі адам мас күйінде Қабанбай батыр даңғылының Рамстор жағындағы көпірдің аркасына шығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнына келіп, мас күйіндегі 33 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, олар ерекше сурет түсірмек болған. Осы әрекеттері үшін полицияға жеткізілді. Ұсталғандардың екеуі де ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жігіттердің бұл әрекетін қала тұрғындары байқаған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=8&v=bBTikjKkDbo&feature=emb_logo