Қорғаныста оңдырмай қателік жіберген Қазақстан құрамасы үш ұпайдан айырылып қалды (видео)

Қорғаныста оңдырмай қателік жіберген Қазақстан құрамасы үш ұпайдан айырылып қалды (видео)

Михал Билек командасы үшінші орынды сақтап қала алмады

«Астана-Аренада» футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан мен Кипр құрамалары кездесіп, алаң иелері 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Бірінші тайм аса тартысты жағдайда өрбіді. Қазақстан құрамасының ойыншылары 3 рет сары қағаз алса, қонақтар екі сары қағаз алды.

«Челсидің» бұрынғы қақпашысы хоккей клубымен келісімшартқа отырып, айдынға шығып та үлгерді (видео)

Бұрыштама добын орындау жағынан да алаң иелері алда болды. Сондай сәттердің бірінде 34 минутта қонақтар айып алаңында қарбаласқан сәтті тиімді пайдаланған қорғаушы Темірлан Ерланов есеп ашты.

Қайрат Боранбаев Аршавинмен неліктен келісімшартты созбай қойғанын айтты

Екінші таймда бізге қарағанда қонақтар белсендірек ойнап, кездесу тізгінін қолдарына алды. 73 минутта Пьерос Сотириу есепті теңестірсе, 84 минутта Николас Иоанну өз құрамасын алға шығарды.

Қонақтар пас дәлдігі, допқа иелік ету көрсеткіштері бойынша да алда болды. Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасы ойыншылары сары қағаз алудан да алдарына жан салған жоқ. Бас төреші Крейг Поусон біздің алты ойыншыға ескерту берді. 

Енді 13 қазан күні Қазақстан өз алаңында Бельгияны қабылдайды.