Шығын – 14 миллион: Шығыс Қазақстан облысында жылқы  ұрлағандар ұсталды
Шығын – 14 миллион: Шығыс Қазақстан облысында жылқы  ұрлағандар ұсталды
153
оқылды
ШҚО ПД баспасөз қызметінің тергеу бөлімі Көкпекті және Жарма аудандарында жылқы ұрлаумен айналысқан Ұлан ауданының 41 және 55 жастағы екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтағанын хабарлады. «Тергеу қорытындысы көрсеткендей, алты шығысқазақстандықтың жылқысы ұрланған. Оларға келтірілген залал 14 миллион теңгеден асады. 2018 жылдың екі айында күдіктілер түнгі уақытта жайылымнан мал ұрлаған. Күдіктілердің бірінде шаруа қожалығы болған, олар ұрланған малды сол жерге апарып, көрші аймаққа сатқан», – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев. YK-news.kz  қазір сот процесі жүріп жатқанын, іс бойынша соңғы нүктені сот қоятынын жазды.