Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев Атырау облысындағы қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан 9 адам көз жұмды.

Элмира Жақсыбайқызы
Қазан 4, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
жол-көлік оқиғасы

Фото: Интернеттен алынды

622
қаралым

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-парақшасында бүгін Атырау облысында болған қайғылы жол-көлік оқиғасы туралы жазды. Министр жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан болатынын, олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіретінін жеткізді.

«Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ал күндіз қайғылы жол-көлік оқиғасы Павлодар облысында тіркелді. Тас жолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі және оның барлық төрт жолаушысы мерт болды.

Нұр-Сұлтанда 4 көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмды

«Назар аударсаңыз, жолда қалмайсыз» – Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге кеңес берді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов дауыс берді

Ескерте кететін жай, жол-көлік оқиғаларының 96%-ы жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзушылықтар жасайды. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады.

ІІМ-нің статистикалық мәліметтері «тәжірибесіз» жүргізушілердің (көлік жүргізу өтілі 1 жылдан төмендер) үлесіне жол-көлік оқиғаларының тек 1,8 %-і ғана тиетінін көрсетеді. Жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан орын алады екен. Олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіреді.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін қаперлеріңізге салады:

– бірінші орында жылдамдықты арттыру (33,1 %)

– екіншісінде – маневр жасау ережелерін бұзу (17,7 %)

– үшінші орында – реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (7,6 %).

ІІМ автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелері мен шектеулерін қатаң ескеруге шақырады, ал жаяу жүргіншілерге жолда қырағы болуды ескертеді», – деп жазды министр.

 

 
Тегтер: Атырау облысыжол-көлік оқиғасы
Алдыңғы жаңалық

Праймериздің арқасында партияға жаңа активтер қосылатын болады

Келесі жаңалық

Коронавирус кезіндегі ең қауіпті нәрсе – медициналық маска – терапевт

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады
Жаңалықтар

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қаңтар 26, 2021
жалақы
Жаңалықтар

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021
«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 2021
заң
Жаңалықтар

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қаңтар 26, 20:33

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 19:57

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 19:28

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды

Қаңтар 26, 18:53

Көкшетаулық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

Қаңтар 26, 18:52

Зейнетке шыққан Досымжан Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 26, 18:22

Коронавирустан бір аптада 73 адам қайтыс болды

Қаңтар 26, 17:51
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қаңтар 26, 2021
жалақы

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»