Елімізде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін
Елімізде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін
140
оқылды
5 қазан күні еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстігінде күндіз күні бойы жаңбыр жауады. Қалған аймақтарда жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
 «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде  қатты жел тұрып, түнде тұман басуы мүмкін. Ақмола облысында көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жері көктайғақ әрі тұманды болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында дауыл соғып, желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел күшейіп, түнгі Алматы мен Жамбыл облыстарының кей жері 1-3 градус үсік шалуы мүмкін.