Kenzo брендінің негізін қалаған дизайнер көз жұмды
Kenzo брендінің негізін қалаған дизайнер көз жұмды
145
оқылды
Жапониялық дизайнер, Kenzo брендінің негізін қалаушы Кендзо Такада 81 жасында коронавирустан қайтыс болды.
 «Кендзо Такада жексенбі күні, 4 қазанда Нейи-сюрсенде америкалық емханасында COVID-19-дан көз жұмды» деп мәлімдеді дизайнердің ресми өкілі.
Такада Парижға 1965 жылы Жапониядан көшіп барған. Ал 1970 Kenzo брендін шығарып, өзінің алғашқы бутигін ашқан. Бүгінде әлемге әйгілі бренд иіс сумен қатар ер адамдар мен әйелдерге және балаларға арналған киім үлгісін шығаруда.
Оның әйелдерге арналған алғашқы киім үлгілері Парижде үлкен қызығушылық тудырды. Кендзоның көрмесіне қатысқан модельдердің бірін ELLE журналы өз мұқабасына орналастырды. Бірінші сәтті көрсетілімнен кейін Кендзоның сән әлеміндегі мансабы бірден арта бастады.